Балалар қауіпсіздігі: Абай облысында профилактикалық рейдтер күшейтілді
Абай облысында балалардың жолдағы қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық іс-шаралар күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының аумағында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында "Назар аударыңыз, балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіп, балалардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударуда. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуы мен олардың белгіленген уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Өткізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен және оларға қатысты бірқатар құқық бұзушылықтардың жолы кесілді. Атап айтқанда, 351 кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді. 10 кәмелетке толмаған бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Сонымен қатар іс-шара барысында 385 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Баланы тәрбиелеу, оқыту және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге қатысты 31 ата-ана анықталды.
Профилактикалық рейдтер барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген фактілеріне де ерекше назар аударылды. Нәтижесінде сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз жүрген 329 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.
