Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полицейлер мен дәрігерлер жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздікті еске салды

Қостанай облысында полиция қызметкерлері мен медицина мамандары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық акция өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында полицейлер жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Ал медицина мамандары жүргізушілердің қан қысымы мен тамыр соғысын өлшеп, денсаулық жағдайына қатысты кеңестер берді.

Әсіресе алыс жолға шығатын және ұзақ сапардан оралған жүргізушілерге ерекше назар аударылды. Мамандар рөлге сергек күйде отырудың және денсаулық жағдайын ескерудің маңызын түсіндірді.

Акция соңында жүргізушілерге "Заң және тәртіп" символикасы бейнеленген автокөлік хош иістендіргіштері табысталды. Бұл шағын сыйлық жолдағы қауіпсіздіктің әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталатынын еске салатын белгі болды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және өзін жайсыз сезінген жағдайда көлік тізгініне отырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру