Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Білім күні: Ақтауда полицейлер мектептерде профилактикалық кездесулер өткізді

1 қыркүйек – Білім күніне орай Маңғыстау облысы полиция департаментінің басқарма басшылары өңірдегі мектептерге бекітіліп, алғашқы қоңырау салтанатына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңғы саптық жиыннан кейін полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген білім беру ұйымдарына барып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Абзал Яхиев Ақтау қаласындағы №16 жалпы білім беретін мектептің мерекелік іс-шарасына қатысты.

Полиция өкілі оқушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жолда абай болу, сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүруге болмайтынын түсіндірді. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзге де маңызды талаптарға тоқталды.

Кездесу барысында оқушыларға "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасына қатысудың маңыздылығы да түсіндірілді. Аталған бастама тазалық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және өз қаласы мен еліне деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Сөз соңында ПД өкілі білім алушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, жақсы жетістіктер мен толағай табыстар тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру