Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзенде бекіре балықтарын заңсыз сақтау дерегі әшкереленді

Жаңаөзен қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтау және өткізу дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйекте полицияға қала тұрғындарының бірінің үйінде бекіре тұқымдас балықтар сақталуы мүмкін екені туралы жедел ақпарат түсті.

Ақпаратты тексеру барысында үй ауласындағы шаруашылық нысанының жертөлесінен төрт қара пакетке салынған 8 бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Тергеу барысында екі балықтың басқа тұлғаға сатылғаны анықталды. Полиция қызметкерлері сатып алушыны анықтап, оның автокөлігін тексеру кезінде жүксалғыштан тағы 2 бекіре тұқымдас балықты тәркіледі.

Осылайша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде барлығы 10 бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру