Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол ережесін бұзған мопед жүргізушісі анықталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында бейнебақылау камералары арқылы жол ережесін бұзған мопед жүргізушісін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда Сарыағаш қаласындағы А-15 тас жолында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы мопед жүргізушісінің бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткені тіркелді.

Оқиға орнына барған патрульдік полиция қызметкерлері мопедті тоқтатып, тексеру жүргізді. Нәтижесінде көлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ екені анықталды.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты бірнеше әкімшілік шара көрілді. Мопед арнайы айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру