Елордада полиция оқушылармен кездесулер өткізуде
Елордада полиция оқушылармен кездесулер өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа оқу жылының басталуына орай елордалық полицейлер оқушылар арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға және өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық жұмысты күшейтті.
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес полиция қызметкерлері оқушылармен профилактикалық дәрістер мен кездесулер өткізуде. Негізгі мақсат – жасөспірімдерге ықтимал қауіп-қатерлер, құқыққа қайшы әрекеттердің заңдық салдары және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы уақтылы түсіндіру.
Кезекті профилактикалық кездесулер Астанадағы №10 мектеп-гимназиясы мен №12 орта мектебінде өтті. Полицейлер оқушыларға дәріс оқып, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға қатысты негізгі мәселелерді түсіндірді. Сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттерге тартылмаудың жолдары туралы айтып берді.
Кездесулер ашық диалог форматында өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен жауап алды.
Елордадағы білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстар оқу жылы бойы жалғасын табады.
