Жетісу облысы ПД-да осы жылдың қорытындысы шығарылып, басым міндеттер айқындалды
Жетісу облысы ПД-да осы жылдың қорытындысы шығарылып, басым міндеттер айқындалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысы полиция департаментінде жұмыс кеңесі өтіп, онда осы жылдың сегіз айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.
Кеңес барысында департамент басшылығы Нұргүл Исаеваны ішкі істер органдарында қызмет атқарудың шекті жасына жетуіне байланысты зейнеткерлікке шығуымен құттықтады. Көп жылдық мінсіз қызметі үшін оған алғыс хат пен бағалы сыйлық табысталды.
Салтанатты бөлімнен кейін жұмыс кеңесі жалғасып, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің қызмет нәтижелері талқыланды. Басшылық қол жеткізілген көрсеткіштерге баға беріп, анықталған кемшіліктерді жою және қызмет тиімділігін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды.
Кеңесте Ішкі істер министрлігінің алқалы отырыстары мен жұмыс кеңестерінде берілген тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындау, "Заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту және қылмысқа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою және халықпен өзара іс-қимылды жандандыру бойынша міндеттер белгіленді.
Полиция қызметкерлерінің "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық бастамасын іске асыруға белсенді қатысуына да басымдық берілді. Елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз етуге үлес қосу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша департамент басшылығы бөлімшелерге нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және "Заң мен тәртіп" қағидатын берік орнықтыру Жетісу облысы полициясының негізгі басымдықтары болып қала береді.
