Қарағандыда қоян-қолтық ұрыстан күштік құрылымдардың үздіктері анықталды
Қарағандыда күштік құрылымдардың үздіктері анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағандыдағы "Арлан" спорт кешенінде құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан облыстық біріншілік өтті.

Жарысқа 9 ведомстволық команданың құрамында 57 спортшы қатысып, әр салмақ дәрежесінде үздіктерді анықтады. Олардың қатарында облыстық прокуратура, ҚР ҰҚКД, Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясы, ТЖД, "Арлан" және жедел қимылдайтын арнайы жасақ бөлімшелері, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция бөлімдері мен басқармаларының қызметкерлері бар.
Жарыс барысында қатысушылардан жоғары деңгейдегі дене дайындығы, шапшаңдық, төзімділік пен тактикалық шеберлік талап етілді. Әр жекпе-жекте спортшылар өздерінің кәсіби және спорттық дайындығын көрсетті.

57 келіге дейін:
Ермекбайұлы Әділ;
Шәйкен Абылай;
Нүрпейіс Сабыржан.
62 келіге дейін:
Баккожин Нурхан;
Жаппаров Темир;
Сахиев Төлебек, Бакыт Нурсултан.
67 келіге дейін:
Ақылбеков Жарас,
Бекен Марғұлан,
Бошақ Бүркіт, Еркебаев Есей.
73 келіге дейін:
Төлеухан Ниетхан,
Дәулетбаев Таир,
Тойғамбеков Санжар, Рахат Ернияз.
80 келіге дейін:
Жұмабеков Жарас,
Мұхтаров Мадияр,
Есбусинов Жақбек, Сүндөтбаев Амангелді.
88 келіге дейін:
Рымқұлов Нұрсұлтан ,
Қуантаулы Бекжан,
Қуаныш Заманбек, Измұхатов Шыңғыс.
97 келіге дейін:
Медеуов Әділет,
Қарабаев Наби,
Нұрғазин Әділет, Оспанов Темірлан,
97 келіден жоғары:
Дюсембин Ерсұлтан,
Шаймерден Нұрхан,
Ерғалиев Артур, Шарапатов Еркін.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар медальдармен, кубоктармен, Құрмет грамоталарымен және естелік бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай жарыстар қызметкерлердің дене дайындығын жетілдіріп қана қоймай, жауынгерлік рухын нығайтып, кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.

