Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жүргізуші куәлігі жоқ тұрғын тоқтатылды

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері "Мотоцикл" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Бесқарағай ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында рейдтік жұмыстар жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері SONLINK мотоциклін басқарған 31 жастағы азаматты тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің аталған көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды. Сонымен қатар мотоциклде мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған.

Мұндай жағдайлар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Әсіресе мотоцикл жүргізушілері үшін көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқару жол-көлік оқиғаларының алдын алу тұрғысынан елеулі қауіп төндіреді.

Полиция қызметкерлері мотоцикл иелеріне маусым кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салады. Екі дөңгелекті көлік құралын басқармас бұрын жүргізуші тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің, көлік құжатының және мемлекеттік тіркеу нөмірінің болуына көз жеткізуі қажет.

"Мотоцикл" жедел профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты – мотоциклдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу және жүргізушілер арасында тәртіпті күшейту.

Полиция азаматтарды жол ережесін сақтауға және өз қауіпсіздігімен қатар, жолдағы басқа да қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру