Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жолдағы жүгенсіз жүргізушілер жауапқа тартылды

Павлодар облысында жолдағы жүгенсіз жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігі әрбір жол қозғалысына қатысушыға байланысты. Алайда барлық жүргізушілер тәртіпті сақтай бермейді, жол қозғалысы ережелерін бұзу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Жылдамдықты шамадан тыс асыру – Павлодар облысының жолдарындағы ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі.

Жыл басынан бері облыс жолдарында жылдамдық режимін бұзудың шамамен 117 мың фактісі анықталып, жолы кесілді.

- Мәселен, Павлодар – Астана автожолында Subaru Legacy автокөлігінің жүргізушісі белгіленген 140 км/сағ жылдамдық режимін бұзып, 179 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Аталған құқық бұзушылық "Zerek-2" автоматтандырылған бағдарламалық кешені арқылы тіркелді. Жүргізушіге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама рәсімделді, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінде.

Полицейлердің айтуынша, қозғалыс жылдамдығы жүргізушінің немесе жолаушының асығыстығына байланысты болмауы тиіс. Себебі кез келген асығыстық жылдамдықтың артуына алып келеді және жолдағы қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Кешігіп жету немесе мүлде жетпеу — таңдау анық.

Үйге, достарыңызбен кездесуге немесе маңызды сұхбатқа қаншалықты асықсаңыз да, ешбір шара сіздің өміріңізден қымбат емес! Өзіңізді тәжірибелі жүргізуші санасаңыз да, жылдамдықты арттыру жол-көлік оқиғасына ұшырау қаупін бірнеше есе көбейтеді.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру