Жетісу облысында оқушыларға есірткінің зияны мен интернеттегі алаяқтық туралы түсіндірілді
Жетісу облысында оқушыларға есірткінің зияны мен интернеттегі алаяқтық туралы түсіндірілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында Ескелді ауданының полицейлері жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Ескелді ауданының Бақтыбай ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте оқушыларға қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері есірткінің адам денсаулығына және болашағына тигізетін зияны туралы айтып, есірткі заттарын сақтау, тарату және заңсыз айналымына қатысудың салдарына тоқталды.
Сонымен қатар оқушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері түсіндірілді. Полицейлер бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді, банк картасының деректерін, құпия сөздер мен SMS арқылы келетін кодтарды бермеу қажеттігін ескертті.
Жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану кезінде қырағы болып, күмәнді сілтемелер мен ұсыныстарға сенбеу жөнінде кеңестер берілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
