Қостанай облысында полиция әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контенттің таралуының жолын кесті
Қостанай облысында полиция әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контенттің таралуының жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция “Заң және тәртіп” қағидатын басшылыққа ала отырып, интернет кеңістігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында тікелей эфирлер кезінде балағат сөздер қолдану фактілері анықталды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 28 жастағы тұрғыны Наталья Титаренко, 39 жастағы Дина Умбетова және Тобыл қаласының 42 жастағы тұрғыны Гүлмира Альмұхамбетова анықталды.
Аталған тұлғалар полиция органдарына жеткізіліп, жинақталған материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау үшін сотқа жолданды.
Сот шешімімен олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Полиция қоғамдық тәртіп пен моральдық нормаларды бұзатын, сондай-ақ құқыққа қайшы мазмұндағы ақпаратты жариялау заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу, құқық бұзушылықтарды анықтау және құқыққа қайшы әрекеттерге жол берген тұлғаларды заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жалғастырылатын болады.
