Түркістанда жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу мәселелері талқыланды
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығының бастамасымен жастар арасында есірткінің таралуының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Есірткісіз болашақ" тақырыбында семинар өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға "Esti Bol Qory" қоғамдық қорының төрағасы Ж. Ақтаев, Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі М. Бимаханов, облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары және Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.Семинар барысында есірткі құралдарының таралуына жол бермеу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, жастардың денсаулығын қорғау, АИТВ инфекциясының алдын алу және зиянды әдеттерден сақтану мәселелері талқыланды.
Соонымен қатар қатысушыларға полицияның есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстары түсіндіріліп, жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру бойынша пікір алмасу өтті.

Іс-шара соңында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

