Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нашақорлыққа жол жоқ: Атырауда тұрғындарға есірткінің зардабы түсіндірілді

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп, тұрғындар арасында есірткі қылмысы мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға "Довира" этномәдени бірлестігінің төрайымы Виктория Синицина және "Прикаспийская коммуна" газетінің бас редакторы Георгий Шапошников қатысты. Кездесу барысында есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін кері әсері, есірткі қылмысына тартылудың құқықтық салдары түсіндірілді.

Шараға 200-ге жуық тұрғын қатысып, еріктілермен бірге есірткінің алдын алуға арналған ақпараттық-профилактикалық брошюралар таратылды. Полиция қызметкерлері азаматтарды есірткінің таралуына жол бермеуге, күмәнді жағдайларға бейжай қарамай, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру