Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ЖБО камералары абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтауды жалғастыруда

Жетісу облысында ЖБО камералары абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтауды жалғастыруда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Жетісу облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарға тұрақты мониторинг жүргізуде.

Кезекті мониторинг барысында Талдықорған қаласының Орталық базары аумағында абаттандыру қағидаларын бұзу фактісі тіркелді. ЖБО қызметкерлері ақпаратты жедел түрде жақын маңдағы полиция жасағына жолдады.

Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Оған қатысты әкімшілік материал толтырылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын еске салады. Бейнебақылау камералары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Тазалық пен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру