Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясының қызметкері бокстан қалалық чемпионатта жеңіске жетті

Алматыда 6-14 қыркүйек аралығында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында бокстан қалалық чемпионат өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алматы қаласы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Дәулет Сейдалимов жеңімпаз атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша полиция қызметкері қазан айында Тараз қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында Алматының намысын қорғау құқығына ие болды.

ПД бастығы Айдын Кабдулдинов ЖҚАЖ қызметкерінің жеңісін атап өтіп, оған марапат табыстады.

– Мұндай жеңістер – тәртіптің, табандылықтың және күнделікті еңбектің нәтижесі. Қызметкерлеріміздің кәсіби бағытта ғана емес, спортта да биік нәтижелерге қол жеткізіп жүргені қуантады. Сейдалимовке Қазақстан чемпионатында Алматының намысын абыроймен қорғауына тілектеспін, – деді Айдын Кабдулдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру