Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда есірткі сақтады деген күдікпен азамат ұсталды

Ақтауда есірткі сақтады деген күдікпен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтауда “Қарасора — 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Нива автокөлігін тоқтатты.

Автокөлікті тінту барысында есірткі заты салынған тоғыз пакет табылып, тәркіленді.

Кейін Ақтау қаласының 25-шағын ауданындағы гаражды тінту кезінде полицейлер осыған ұқсас есірткі заты салынған тағы төрт пакетті, сондай-ақ 85 дана зип-пакетті тәркіледі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру