Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің қызметкері жүріруден бақ сынады

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздік деңгейі ең төмен мекемесінің қызметкері түнгі жүгіру жарысында үшінші орын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласында "TUNGI RUN SEMEY–2026" түнгі жүгіру жарысы өтті. Спорттық іс-шараға 500-ге жуық спортшы қатысып, 5 шақырым қашықтықта бақ сынады.

Жарысқа Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздік деңгейі ең төмен мекемесінің қызметкері Гүлнар Исмаилова да қатысты. Ол 5 шақырымдық қашықтықты сәтті еңсеріп, жарыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды.

Гүлнар Исмаилова – 42 жастағы қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері. Ол ҚАЖ жүйесінде 20 жылға жуық уақыт қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ол қызметтік міндеттерін отбасы қамымен қатар алып, мекеме жұмысына өз үлесін қосты. Гүлнар – төрт баланың анасы. Қазіргі уақытта бала күтіміне байланысты демалыста.

Спорттық іс-шараға қатысу Гүлнар үшін өзінің дене дайындығын ғана емес, сонымен қатар мінезінің беріктігін, мақсатқа ұмтылысын және белсенді өмір салтын ұстанатынын көрсетуге мүмкіндік берді.

– Бұл жарысқа қатысу мен үшін ерекше оқиға болды. Қазіргі уақытта бала күтіміне байланысты демалыста жүргеніме қарамастан, спорттық іс-шараға қатысып, өз күшімді сынағым келді. Мен қылмыстық-атқару жүйесінде 20 жылға жуық қызмет атқарып келемін және осы жылдар ішінде дене дайындығы кәсіби қызметімнің маңызды бөлігі болды. Қызмет маған тәртіпті, мақсатшыл болуды және қиындықтарға қарамастан алға ұмтылуды үйретті. 5 шақырымдық қашықтықты еңсеру оңай болған жоқ, дегенмен дайындық пен жігердің арқасында оны лайықты нәтижемен аяқтадым. Әрине, үшінші орын мен үшін жағымды нәтиже әрі спортпен одан әрі айналысуға қосымша мотивация болды. Менің ойымша, спорт тек дене дайындығын сақтауға ғана емес, қызметте де, күнделікті өмірде де қажет ішкі күшті қалыптастыруға көмектеседі, – деді Гүлнар Исмаилова.

– Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері әрдайым жақсы дене дайындығын сақтап, салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Қызметкерлеріміздің отбасылық міндеттері мен өмірлік жағдайларына қарамастан спортпен айналысуға уақыт тауып, жақсы нәтижелер көрсеткені қуантады. Гүлнар Исмаилованың жетістігі – мақсатқа ұмтылыстың, табандылықтың және өзін-өзі дамытуға деген талпыныстың үлгісі. Ұжым атынан оған алдағы уақытта да толағай табыс, зор денсаулық және жаңа спорттық жетістіктер тілеймін, – деді Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті кадрлармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы Райгүл Сауғабаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру