Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында "Жолда қабылдау" акциясы өтіп жатыр

Алматы облысында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін арттыруға және азаматтармен ашық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған "Жолда қабылдау" ақпараттық-профилактикалық акциясын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция аясында полицейлер жол бойында көлік қозғалысына қатысушыларға Жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша кеңес беріп, заң талаптарын түсіндіреді және азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап береді. Негізгі назар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолдағы жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға аударылады.

"Жолда қабылдау" акциясы – "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаттарын іске асырудың бір тетігі. Ол азаматтарға полиция қызметкерлеріне тікелей жүгініп, қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Басты міндет – құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу ғана емес, олардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мұндай профилактикалық іс-шараларды өткізу "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайтуға бағытталған. Белгіленген талаптарды сақтау және жол қозғалысына қатысушылардың бір-біріне құрметпен қарауы қауіпсіз жол ортасын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.

Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді Жол жүрісі қағидаларын сақтауға, жолда мұқият әрі жауапты болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру