Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында студенттерге адам саудасының алдын алу бойынша дәріс өтті

Алматы облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әкімдік және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен бірлесіп, Қонаев қаласының көпсалалы колледж студенттеріне профилактикалық дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы және адам мен балалар саудасына қарсы іс-қимылға, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған "Зорлық-зомбылықтың алдын алу" жобасы аясында өтті.

Бірінші курс студенттерінің 60-ы адам саудасының негізгі нысандары мен қауіптері, өз құқықтарын қорғау тәсілдері, сондай-ақ жұмысқа орналасу, басқа өңірлерге және шетелге шығу, интернетте бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде сақтық шаралары туралы ақпарат алды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының өкілдері зорлық-зомбылықтың алдын алу, психологиялық қауіпсіздік және құқықтары мен бостандықтарына қауіп төнген жағдайда дер кезінде көмекке жүгінудің маңызы туралы түсіндірді.

Іс-шара соңында студенттерге пайдалы ұсынымдар қамтылған ақпараттық буклеттер таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру