Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 100-ден астам есірткі граффитиі жойылды

Атырауда 100-ден астам есірткі граффитиі жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қабырғалардағы заңсыз жарнамаларды дер кезінде жою - есірткі қылмысының алдын алуда маңызды бағыттарының бірі. Осы ретте Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Тәуелсіз өмір" жобасы аясында еріктілер және есірткі қылмысы бойынша бұрын сотталған азаматпен бірлесіп, Химпоселок ауданында рейд өткізді.

Іс-шара барысында бірқатар есірткі сайттарының жарнамалары жойылып, тұрғындарға есірткінің зияны және оның заңсыз айналымының алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау қаласында есірткі сайттарын жарнамалайтын 100-ден астам жазба жойылды.

Сонымен қатар, есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Егер күмәнді жарнама немесе есірткіге қатысты ақпарат байқасаңыз, 8 700 499 01 02 нөміріне хабарласыңыз. Анонимдікке кепілдік беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру