Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада 37 мыңнан астам адам абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Астанада қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, тазалық пен тәртіпті сақтау және абаттандыру қағидаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыру талаптарын сақтамағаны үшін 37 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды тиісті деңгейде күтіп-ұстауды қамтамасыз етпейтін ұйымдарға да шара қолдануда. Мәселен, аумағын уақтылы тазаламаған құрылыс компаниясына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция абаттандыру қағидаларын сақтау барлық азаматтар, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілері үшін міндетті талап екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру