Атырауда кибералаяқтықтың алдын алуда жаңа технологиялар қолданылуда
Атырау облысының полиция департаменті интернет-алаяқтықтың алдын алу және тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Профилактикалық іс-шаралар барысында арнайы дауыс зорайтқышпен жабдықталған дрон мен робот-полицияның көмегі арқылы тұрғындарға кибералаяқтардың арбауына түспеу, жеке мәліметтері мен банк карталарының деректерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндіріледі.
Полиция қызметкерлері алаяқтардың түрлі тәсілдерді қолданатынын ескертіп, азаматтарды қырағы болуға шақырады.
Полиция ескертеді: бейтаныс адамдардың қоңырауларына сене бермеңіз, SMS-кодтар мен банк картасының деректерін ешкімге айтпаңыз. Күмәнді жағдайға тап болсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.
