Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны ұрланған телефонды іздеуге көмектескен полицейлерге алғыс білдірілді

Павлодар тұрғыны ұрланған телефонды іздеуге көмектескен полицейлерге алғыс білдірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оңтүстік полиция бөлімінің жедел уәкілдері Ермұхан Қайраш, Даниял Нургалиев және Бахтияр Шонов жергілікті тұрғынға ұрланған телефонын іздеуге көмектескені үшін алғысқа ие болды.

Алғыс хатта полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті, өтініш иесімен тұрақты байланыста болуы және атқарылып жатқан жұмыстар туралы дер кезінде ақпарат беріп отырғаны атап өтілген. Сондай-ақ азамат туындаған сұрақтарға жауап беріп, мәселеге жауапкершілікпен қараған қызметкерлерге ризашылығын білдірген.

- Сіздерге ауыр еңбектеріңіз, бейжай қарамайтындықтарыңыз, жанашырлықтарыңыз және қызметтік міндеттеріңізді адал атқарғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Осындай қызметкерлердің арқасында қызметтеріңізге деген сенім мен құрмет арта түседі, – делінген алғыс хатта.

Азаматтардың алғысы – полиция қызметкерлерінің еңбегіне берілген баға. Әрбір өтінішке мұқият қарап, тұрғындарға көмек көрсету – полиция қызметінің маңызды бағыттарының бірі.

Оңтүстік полиция бөлімі көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, қызметкерлер азаматтарға көмек көрсетуге және өз құзыреті шегінде қажетті шараларды қабылдауға әрдайым дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру