Жамбыл облысында жастар полициямен бірге есірткіге қарсы спорттық эстафета өткізді
Жамбыл облысында жастар полициямен бірге есірткіге қарсы спорттық эстафета өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Сарысу ауданының Саудакент ауылында "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында "Есірткісіз болашақ" ұранымен спорттық эстафета ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыру және спортқа деген қызығушылықты арттыру.
Тартысты эстафета барысында қатысушылар ептілік, төзімділік пен командалық бірліктерін көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ПД алғыс хаттары, медальдер және сертификаттар табысталды. Сондай-ақ қатысушыларға "Есірткісіз болашақ" жазуы бар футболкалар мен бейсболкалар берілді.
Іс-шараны Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Сарысу ауданының ішкі саясат бөлімі және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесінің құрамындағы "Нығмет нұры" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
