Таза Қазақстан: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын жойды
Жамбыл облысында "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында есірткінің заңсыз айналымының алдын алуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Таза Қазақстан" акциясы барысында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық "Жастар орталығының" өкілдері және қоғамдық белсенділермен бірлесіп, есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз граффити жазуларын анықтап, жойды.
Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі жарнамасы бар 240 граффити жазуы өшірілді.
— Заңсыз граффитилердің басым бөлігінде есірткі заттарын сатуға немесе таратуға қатысты интернет-ресурстар мен байланыс арналары көрсетіледі. Мұндай жазуларды дер кезінде анықтап, жою — есірткінің таралуының алдын алудың маңызды бағыттарының бірі, — деді ПД ксірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Кемеңгер Абдибеков.
Полиция есірткі жарнамасын дер кезінде анықтап, жоюға, сондай-ақ оның таралуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.
