Павлодарда полицейлер есірткі жарнамасы бар жазбаларды жойды
"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Павлодар қаласы полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінің №14 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары өздеріне бекітілген аумақты аралап, есірткі граффитилерін анықтау және жою жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Профилактикалық аралау барысында полиция қызметкерлері ғимараттардың қабырғаларынан есірткі заттарын заңсыз сатуды жарнамалайтын Telegram-арналардың атаулары мен пайдаланушы аттары жазылған жазбаларды анықтады.
Учаскелік инспекторлар арнайы бояу баллондарының көмегімен жазуларды бояп, қала көшелеріндегі есірткі интернет-дүкендерінің жарнамалары мен байланыс деректерін жойды.
Бұл жұмыс есірткі заттарының, соның ішінде интернет-ресурстар арқылы таралуына қарсы іс-қимыл жасауға және азаматтардың заңсыз есірткі айналымына тартылуының алдын алуға бағытталған.
Полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақта есірткі жарнамасы бар жазбаларды анықтау және жою жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
