Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қауіпсіздігі: Павлодарда жол белгілеріне бақылау күшейтілді

Павлодарда жол белгілерінің жай-күйі тексерілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері көшелерде орнатылған жол белгілерінің жай-күйін тексеруде. Іс-шара барысында белгілердің техникалық жағдайына, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге көрінуіне, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударылады.

Тексеру кезінде жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін бүлінген, жоқ немесе анық көрінбейтін жол белгілері анықталады.

– Анықталған кемшіліктерді жою және жол белгілерін тиісті жағдайға келтіру жөнінде тиісті уәкілетті органдарға нұсқамалар жолданды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Абылайхан Алпысбай.

Мұндай іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру