Қостанай облысының қала сыртындағы автожолдарына ескерту баннерлері орнатылды
Қостанай облысының қала сыртындағы автожолдарына ескерту баннерлері орнатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 34 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 44 адам түрлі дене жарақатын алған.

Қазір өңірдің қала сыртындағы автожолдардың апаттық-қауіпті учаскелеріне алкогольдік мас күйде көлік басқарудың қауіптілігін ескертетін профилактикалық баннерлер орнатылып жатыр. Олардың мақсаты – жүргізушілердің назарын мас күйде көлік жүргізудің ауыр салдарына аудару.

Құқық қорғау органдары алкогольдік мас күйде көлік басқару жүргізушінің өз өміріне ғана емес, жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қауіпсіздігіне қатер төндіретінін еске салады.
