Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

40 сағат ауыл игілігіне: Маңғыстау облысының тұрғыны жазасын қоғамдық жұмыспен өтеп жүр

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты құқық бұзушылық жасаған азамат сот шешімімен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда пробация есебінде тұрған жазасын өтеуші тұлға өзіне тағайындалған жазаны туған ауылының игілігіне жұмсап, елдімекенді абаттандыру және тазалық жұмыстарын атқару арқылы өтеп жүр.

Пробация қызметінің мамандары азаматпен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отбасындағы жанжалдың алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу және заң талаптарын сақтау жөнінде әңгімелескен.

Азамат өз әрекетінің дұрыс болмағанын түсініп, жасаған қателігінен сабақ алғанын айтады. Бүгінде ол қоғамдық жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, белгіленген сағаттарын адал атқаруда.

Қоғамдық жұмыс – тек жаза өтеу ғана емес, сонымен қатар азаматтың өз ісіне есеп беріп, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуіне мүмкіндік беретін тәрбиелік шаралардың бірі.

Айта кетейік, жыл басынан бері Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті Мұнайлы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 40 азамат сот шешімімен қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Пробация қызметінің басты мақсаты — жазасын қоғамнан оқшаулаусыз өтеп жүрген азаматтарды түзету, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал ету және қайта құқық бұзушылық жасауының алдын алу.

Адамға өз қатесін түсініп, түзелуге мүмкіндік беру — қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру