Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ЖБО: қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі тәулік бойғы бақылау

Павлодар облысының әр өңірінде жедел басқару орталықтары құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шарбақты аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығы аудан көшелері мен қоғамдық орындардағы жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстайды.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері 102 арнасына 200-ден астам қоңырау түскен. Олардың әрқайсысы бойынша тиісті шаралар қабылданған.

Мәселен, Шарбақты ауылында бейнебақылау камералары күндізгі уақытта жарық құралдарын қоспай қозғалған автокөлікті тіркеген. Жүргізуші анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылды.

– ЖБО-ның негізгі міндеттері мен мүмкіндіктеріне құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде тіркеу және патрульдік жасақтардың жұмысын үздіксіз үйлестіру жатады. Сондай-ақ ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу және абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін жедел анықтау, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау, қауіпті маневрлерді тіркеу және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету де орталық жұмысының маңызды бағыттары, – деді Шарбақты аудандық полиция бөлімінің ЖБО аға инспекторы Сұңқар Мейрманов.

Бейнебақылау құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын дер кезінде кесуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бейнежазбалар оқиғалар мен жол-көлік оқиғаларын тергеу кезінде дәлел ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ қараусыз қалған көлік құралдарын анықтауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру