Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция студенттерге қауіпсіздік сабағын өткізді

Абай облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжі” студенттерімен қауіпсіздік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға колледждің 1–2 курс студенттерінен 40-қа жуық білім алушы қатысып, мамандармен буллингтің алдын алу, есірткі қылмыстарына қарсы күрес және бопсалаушылықтың жолын кесу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері буллингтің жасөспірімдердің психологиялық ахуалына тигізетін кері әсерін түсіндіріп, қорқыту, кемсіту, қысым көрсету және өзге де заңға қайшы әрекеттердің құқықтық жауаптылығы туралы кеңінен баяндады.

Сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымының қоғам мен жас ұрпақ болашағына төндіретін қаупі, жастарды қылмыстық әрекеттерге тартудың зардаптары және бопсалаушылық үшін көзделген заңды жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Полиция қызметкерлері студенттерге құқық бұзушылықтың куәгері немесе құрбаны болған жағдайда үнсіз қалмай, дер кезінде тиісті органдарға жүгінудің маңыздылығын атап өтті.

Ашық диалог форматында ұйымдастырылған кездесуде студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауаптар мен құқықтық кеңестер алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру