Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде полиция әлеуметтік желідегі бейнежазба арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады

Өскеменде полиция әлеуметтік желідегі бейнежазба арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Кадрларда Өскемен қаласындағы Сәтбаев даңғылымен келе жатқан BMW автокөлігі түсірілген. Бейнежазбадан жүргізуші мен жолаушының жол жүрісі қағидаларын бұзғаны байқалады.

Интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде полицейлер оқиғаға қатысушыларды анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берді.

Анықталғандай, жүргізуші жолақ ауыстыру кезінде маневр жасау қағидаларын бұзған. Осыған байланысты ол ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар көлік қозғалысы кезінде жолаушы қыз денесінің бір бөлігін терезеден сыртқа шығарған. Бұл әрекеті үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция жол қозғалысына қатысушылардың барлығы жол жүрісі қағидаларын сақтауға міндетті екенін ескертеді. Әсерлі кадр түсіру немесе оны әлеуметтік желіде жариялау жол қауіпсіздігі талаптарын бұзуға себеп болмауы тиіс.

Сапардың мақсаты мен жағдайына қарамастан, жол қауіпсіздігі әрдайым басты назарда болуы керек.

"Заң мен тәртіп" қағидаты баршаға ортақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру