Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны патрульдік полицейлерге алғысын білдірді

Павлодар қаласының тұрғыны қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – Мадияр Сәдық пен Еламан Рамазановқа кәсібилігі, жеделдігі және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелдің айтуынша, қала көшелерінің бірінде жол-көлік оқиғасы орын алып, оған кінәлі жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекетінің және бейнебақылау жүйесінің көмегімен жүргізушінің жеке басы қысқа уақыт ішінде анықталды. Кейін ол заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.

– Полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті, кәсібилігі және өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтыны үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалғанына қарамастан, полицейлер оның жеке басын тез арада анықтап, мәселенің шешілуіне көмектесті. Оларға зор денсаулық, амандық, қызметте табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін, – деп жазды қала тұрғыны.

Сондай-ақ ол полиция қызметкерлерінің азаматтардың өтініштеріне мұқият қарап, жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті. Оның пікірінше, осындай қасиеттер халықтың құрметіне бөленіп, полицияға деген сенімді арттырады.

Азаматтардың алғысы – полиция қызметкерлерінің еңбегіне берілген жоғары баға. Сонымен қатар бұл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған күнделікті қызметтің маңызын айқындайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру