Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада тәртіп сақшылары ІІО ардагерін мерекемен құттықтады

Астанада тәртіп сақшылары ішкі істер органдарының ардагерін мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өмірін Отанға адал қызмет етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауға арнаған ардагерлердің өнегелі жолы – кейінгі ұрпақ үшін тағылым мектебі. Олардың мол тәжірибесі мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі әрдайым құрметке лайық.

Осы орайда Алматы ауданы полиция басқармасының бастығы Азат Буралхиев ішкі істер органдарының ардагері Анатолий Иващенконың шаңырағына арнайы барып, оны мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

Анатолий Ивановичтің өмір жолы – табандылықтың, кәсібиліктің және өз ісіне адалдықтың жарқын үлгісі. Ол еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарған тәжірибелі басшы деңгейіне дейін көтерілді. Жастайынан қиындықты еңсеріп, білім мен қажырлы еңбектің арқасында өз жолын қалыптастырды.

1960 жылдары Целиноград қаласында милиция қызметіне қабылданған ол кәсіби қалыптасу кезеңінде тәжірибелі әріптестері мен тәлімгерлерінен жедел-іздестіру жұмысының қыр-сырын меңгерді. Кейін Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінде түрлі жауапты қызметтер атқарып, 1970 жылы осы бөлімнің бастығы болып тағайындалды.

1998 жылы полиция полковнигі шенімен құрметті еңбек демалысына шықты.

Бүгінде 90 жасқа толуға жақындаған ардагер тың, өмірге құштар. Жүзінен күлкі кетпейтін Анатолий Иванович өткен күндерін еске алып, бай тәжірибесімен бөлісуге әрдайым дайын.

Кездесу барысында Азат Буралхиев ардагердің ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, көпжылдық адал қызметі үшін алғысын білдірді.

Ардагерлерге құрмет көрсету – өткенге тағзым етіп қана қоймай, жас буынға жауапкершілік пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсету. Өйткені олардың өмір жолы мен кәсіби тәжірибесі бүгінгі полиция қызметкерлері үшін баға жетпес өнеге.

Ардагерлердің ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Олардың Заң мен тәртіп жолындағы адал қызметі кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру