Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдердің құқықтарын қорғау және отбасылық құндылықтарды нығайту: ШҚО-да өзекті мәселелер талқыланды

Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасындағы жанжалдардың алдын алу және отбасы институтын нығайту мемлекеттік органдар жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Осы және басқа да мәселелер Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өткен дөңгелек үстелде талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің атынан әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі бөлімше бастығы Алена Мокина қатысты.

Талқылауға сондай-ақ мемлекеттік органдардың, медицина саласының, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері, психологтар мен заңгерлер қатысты.

Қатысушылар демографиялық ахуалдың өзекті үрдістерін, репродуктивті денсаулық мәселелерін, әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді, сондай-ақ отбасылық жанжалдардың алдын алу және әйелдердің құқықтарын қорғау шараларын қарастырды.

Отбасындағы өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыруға, отбасылық құндылықтарды сақтауға, сондай-ақ отбасы мүшелерінің құқықтары мен қауіпсіздігінің бұзылуына әкелуі мүмкін жағдайлардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Сарапшылық пікірталас барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, көтерілген мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Мемлекеттік органдар мен сарапшылық қауымдастық өкілдерімен бірлескен жұмыс әлеуметтік мәселелердің алдын алуға және отбасылардың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған кешенді тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру