Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда жатақхана тұрғындарына қылмыстың алдын алу жолдары түсіндірілді

Қостанайда жатақханада профилактикалық рейд өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында Қостанай облысы полиция департаментінің бірнеше бөлімшесінің қызметкерлері қаладағы жатақханалардың бірінде профилактикалық рейд өткізді.

Іс-шараға ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, криминалдық полиция, экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармаларының, сондай-ақ кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қатысты.

Рейд барысында полицейлер қызметтік иттердің көмегімен жатақхана бөлмелері мен ортақ пайдаланылатын орындарды есірткі құралдары және өзге де тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында тексерді.

Сонымен қатар жатақхана тұрғындарымен профилактикалық кездесу өткізіліп, оларды қылмыс құрбаны болудан және құқыққа қайшы әрекеттерге тартылудан сақтандыру жолдары түсіндірілді.

Кездесу барысында буллинг пен бопсалаудың, интернет-алаяқтықтың, есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар мен адам саудасының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауапкершілік түрлерін түсіндірді. Атап айтқанда, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Полиция мұндай профилактикалық іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру