Қостанай облысында республикалық “Үлгілі жүргізуші – 2026” акциясы ұйымдастырылды
Қостанай облысында полиция департаменті ұйымдастырған республикалық “Үлгілі жүргізуші – 2026” акциясы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл күні акцияның символикасы бейнеленген брендтелген автобус жол қауіпсіздігін насихаттайтын мобильді алаңға айналды. “КН” радиосының ақпараттық сүйемелдеуі арқасында жүргізушілер автобустың орналасқан жері туралы хабардар болып, акцияға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Қатысушыларға жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін тексеріп, сұрақтарға жауап беріп, ұйымдастырушылар мен серіктестердің естелік сыйлықтарын алу ұсынылды.
Акцияның басты мақсаты – әрбір жүргізушіге жолдағы мәдениет жеке жауапкершіліктен, жол қозғалысы ережелерін білуден және қозғалыстың барлық қатысушыларына құрметпен қараудан басталатынын еске салу.
