Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 1-сынып оқушылары жас жаяу жүргіншілер қатарына қабылданды

Ақтөбе қаласындағы №30 қазақ орта мектебінде жол қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған «Жас жаяу жүргінші» акциясы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Ақтөбе облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мен мектептің жас жол инспекторлары қатысты.

Акция аясында 1-сынып оқушылары салтанатты түрде жас жаяу жүргіншілер қатарына қабылданып, жол қозғалысының кішкентай қатысушылары ретінде өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінді.

Полицейлер балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, жолды қауіпсіз кесіп өту, бағдаршам сигналдарын сақтау және жаяу жүргіншілер өткелін дұрыс пайдалану тәртібін үйретті. Сонымен қатар, жеткіншектерге жол қауіпсіздігі жөніндегі жадынамалар мен жарық қайтарғыш элементтер таратылды.

"Жас жаяу жүргінші" шарасы балалардың жол қозғалысы мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Қауіпсіз жол – әр баланың амандығы!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру