Шетелдіктер Қазақстанда тіркеусіз 30 күн жүре алады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге елге келген шетелдіктерді тіркеу тәртібін жасап шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ елімізде 30 күнге дейін болатын барлық санаттағы шетелдік азаматтарды уақытша тіркеу тәртібін тоқтатады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев «Қылмыстық, Қылмыстық-процесуальдық заңнамаларды жетілдіру және жеке тұлғалардың құқығын қорғауды күшейту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сәйкесті Заңға қол қойды. Ол БАҚ-та жарияланғаннан кейін 10 күнде күшіне енеді. который вступит в силу через 10 дней после опубликования в СМИ.
Шетелдік қонақтың келгені жөнінде қабылдаушы тарап көші-қон қызметін елге келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс.
Шетелдіктің Қазақстанда болуы туралы хабарлау рәсімі бүгінгі күні барынша жеңілдетілді және көші-қон қызметінің бөлімдеріне баруды талап етпейді.
Визалық-көші-қон порталында www.vmp.gov.kz мыналар жасалуы қажет:
✅ Шетелдік туралы және қажет болған жағдайда оның балалары туралы мәліметтерді толтыру;
✅ Толтырылған өтінім нысанына ЭЦҚ көмегімен қол қою;
✅ 15 минуттан кейін Жеке кабинетте сақталатын дайын құжатты алу.
Бұл қызмет тегін көрсетіледі және мұны ІІМ 2014 жылдан бастап ұсынып келеді. Ағымдағы жылы оны 250 қонақ үй пайдаланды, оларда 110 000 шетелдіктің болғаны туралы мәлімет берді.
Шетелдік азамат Қазақстан аумағында 30 тәуліктен артық болған кезде қабылдаушы тарап (қонақ үйлер, хостелдер, жалға берілетін пәтерлер, емдеу-алдын алу мекемелері және басқа да заңды және жеке тұлғалар) мейманға уақытша болуға рұқсат ресімдеуге міндетті.