Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер пәтер ұрыларын қылмыс үстінде ұстады

2019 жылдың желтоқсан айында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел профилактикалық шара барысында пәтер ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары Қызылорда қаласының 17 және 21 жастағы түрғындарын жер үйлердің біріне ұрлыққа түсіп жатқан жерінен қолға түсірді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 млн.теңгені құрады.

Тергеу барысында бұл азаматтардың 5 ұрлық және 3 тонау қылмысына қатысы бар екендігі анықталып, қылмыстары толық дәлелденді. Заттай дәлелдеме ретінде бірнеше заттар алынып, жәбірленушілерге
қайтарылды.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) және 191-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру