СҚО бойынша ҚАЖ Департаментіндегі «Үздік пенитенциарлық психолог»
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаменті мекемелерінің
психологтары арасында «2019 жылғы СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің үздік
пенитенциарлық психологы» атты облыстық конкурс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанның пенитенциарлық мекемелерінде психологтар өз жұмысын 2001 жылы бастады, 2004 жылы психологиялық қызметті ұйымдастыру туралы ереже бекітілді. Осы уақыт ішінде пенитенциарлық психологтар өздерін білікті, жоғары білімді мамандар мен өз ісінің энтузиастарымен көрсете отырып, лайықты орынға ие болды.
СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің пенитенциарлық психологтары үлкен психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыс жасады, сотталғандар арасындағы моральдық-психологиялық ахуал туралы көптеген психологиялық портреттер мен қорытындылар, анықтамалар дайындалды, көптеген ұсынымдар әзірленді.
СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті мекемелерінің психологтары әртүрлі аймақтық және республикалық семинарларға, біліктілікті арттыру курстарына қатысып, өздерін жақсы жағынан көрсете білді.
Жыл сайынғы байқауды өткізудің міндеттері: пенитенциарлық психологтың мәртебесін арттыру, Департаменттің психологиялық қызметінің неғұрлым тәжірибелі және дайындалған қызметкерлерін анықтау, психологтардың зияткерлік, кәсіби және шығармашылық қабілеттерін дамыту және деңгейін арттыру, барлық психологиялық қызметтің жұмыс тиімділігін арттыру, психологтардың өзара кәсіби қарым-қатынасын қолдау, тәжірибе және практикалық білім алмасу болып табылады.
Іс-шараға ЕС-164/1, ЕС-164/6, ЕС-164/8, ЕС-164/9 мекемелерінің психологтары қатысты.
Қазылар алқасының құрамына қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері, СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының психологы Оразов Төлеген Советұлы, № 23 және № 9 орта жалпы білім беру мектептерінің психологтары Жүсіпова Жанар Габдулловна және Попова Татьяна Владимировна шақырылды.
Байқау 3 кезеңде өткізілді: 1) презентация; 2) бейнероликтер; 3)практикалық тапсырмалар
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін әртістер рөлінде көрсете білді, кейбіреулері психологиялық жұмыстың мәні мен тереңдігін аша алды. Ең жарқын қойылымдар ЕС-164/1 мекемесінің және ЕС-164/6 мекемесінің психологтарында болды. 3 орынды ЕС-164/8 мекемесінің психологы иеленді.