Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

6 келі балық аулаған браконьер ұсталды

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

“Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы Арыс АПБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері және «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар барысында жергілікті тұрғынның автокөлігін тоқтатты.

Полиция қызметкерлері тексеру барысында, браконьер Сырдария өзенінің жағасында қайықты пайдаланып, балық аулау құралдарының көмегімен заңсыз балық аулап жүргенін анықтады.

Аталған жайт Арыс АПБ-нің СДТБТ-на ҚР ҚК 335-бабы (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша тіркелді. Ер адамнан қайық және басқа да балық аулау құралдары, сондай-ақ 6 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті “қолхатта”.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы аумағында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіліп жатыр. Шараның негізгі мақсаты : табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, оның ішінде браконьерлік, табиғи ресурстарды заңсыз аулау және басқа да құқық бұзушылықтар анықтау.

Бұл іс-шара ағымдағы жылдың 5 ақпанына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру