Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Патрульдік полицейлердің трассадалардағы жұмысы күшейтілді

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жолдардағы төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында ауа- райы салдарынан күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Самара-Шымкент тас жолы 1240-1357 шақырым аралығына, яғни Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Арал қаласына дейін және Қызылорда-Жезқазған тас жолында барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған. Осыған орай, өңірде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында қозғалыс шектелді.
Жолда қалуға мәжбүр болған жүргізушілер осындай шараларға түсіністікпен қарап, тайғақ және боранның салдарынан жолды жалғастыру қауіпті екенін түсінді. Қазіргі таңда полицейлер жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тәулік бойы патрульдеу және бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.Жол қауіпсіздігін және оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында төтенше жағдай және «ҚазАвтоЖол» ЖШС-нің қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасады. Нәтижесінде 440-қа жуық автокөліктердің 1000-нан аса жолаушылары мен жүргізушілеріне көмек көрсетілді. Ауа-райы қолайсыздығы салдарынан жол жиегінен шығып кеткен автокөліктерге жедел шаралар қолданылды. Сондай-ақ, тас жолда әр түрлі техникалық ақауларға байланысты тұрып қалған автокөліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына алғашқы көмек көрсетіліп, автокөліктердің ақауларын жөндеу мақсатында жақын жердегі орналасқан кешендерге жеткізілді.

Тәулік бойы үздіксіз жұмыстың, жүргізушілерге және жолаушыларға дер кезінде көмек көрсетуінің нәтижесінде бүгін сағат 11:30-дан бастап Ақтөбе облысына қарай жол ашылып, қозғалыс қайта жалғасты.«Самара – Шымкент» тасжолымен жүруге рұқсат беріліп, жүргізушілер мен жолаушылар сапарларын одан әрі жалғастыруда.

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар тасжолдағы көліктерді өткізіп, кептелісті болдырмау мақсатында полицейлер әлі де күшейтілген түрде қызмет жасап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру