Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Видео: Көлік жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті

Mitsubishi Galantмаркалы автокөлігінің жүргізушісі Т.Рысқұлов пен М.Дулати көшелерінің қиылысында “Audi-80” маркалы автокөлігімен жол-көлік оқиғасын болжам бойыншаесірткілік масаң күйінде жасаған,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Аталған көше қиылысында полиция қызметкерлері қызмет атқару кезінде жүргізушілерден құжаттарын көрсетуді талап еткен. Алайда, “Mitsubishi Galant” автокөлігінің жүргізушісі аталған талапқа бағынбай, көлікке отырып, оқиға орнынан қашып кетпек болған. Полиция қызметкерлерінің бірі оның жолына тосқауыл болғанына қарамастан, құқықбұзушы полиция қызметкерін соғып, оны шамамен 3 км-ге дейін капотында сүйреген. Патрульдік полиция полкінің 7-рота қызметкерлері құқықбұзушының бой тасалауына жол бермей, оны ұстап, медициналық куәландыруға жеткізді.

 

31 жастағы құқықбұзушыға қатысты Қылмыстық Кодекстің 380-бабы 2-бөлігіилік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі (көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұсталған азамат Шымкент қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Ал автокөлік айыптұраққа жеткізілді. Тәртіп сақшысы ешқандай дене жарақатын алмаған.

Егер жүргізушінің есірткі затын пайдаланғаны сараптаманыңқорытындысы расталса, оған қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру