Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ынтымақтастық меморандумы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет», – деп атап өткен болатын.
Бүгін Қызылорда қалалық №2 соты төрағасының міндетін атқарушы Жаңабаев Балғабай Ұзайырұлы , Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Сейталиев Серік Әбілдаұлы «Қызылорда қалалық пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандармен жасалатын құқықбұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу және олардың түзелу жолына түсуге оң ықпал етудің нақты іс – шарасы ретінде қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарды сот отырыстарына қатыстыру жұмыстарын ұйымдастыру» жайлы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Енді алдағы уақытта Қызылорда қалалық пробация қызметі бөлімінің ұсынысы негізінде жолданған түзеу жұмыстарын қоғамдық жұмыстармен, қамаумен, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айырумен, шартты түрде соттаудың және жазаны кейінге қалдырудың күшін жою туралы мәселелері қаралатын сот отырыстарына пробация есебіндегі азаматтар қатыстыралатын болады.

Сот жүйесінің ашықтығы – азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыратын бүгінгі күннің талабы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру