Есепте тұрған азаматтар жұмыла көмек көрсетуде
Президент талабын орындау барысында пробация қызметі «Ерiктiлер-2020,біз біргеміз» акциясын өткізді.
Акция аясында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен бірiгiп пробация қызметкерлері ШҚО Жарма ауданы Қалбату ауылында тұратын жалғыз басты 1945, 1949 жылдары туған қарт зейнеткерлерге көмек көрсетті.
Көмектің нəтижесінде қарт адамдардың үйінің ауласы, сонымен бірге шаруашылық құрылыстарға жолдарын ашып қардан тазартып берді. Бұл акцияға қатысуға есепте тұрған азаматтар өздері ниет білдіріп,мемлекетіміздің барлық жақсы бастамаларына əрдайым қатысып, ат салысуға дайын екендіктерін көрсетті.
Көмек көрсетілген Татьяна жəне Қарлығаш апаларымыз азаматтарға рахмет айтып, алғыс білдіріп,баталарын берді. Бұл іс-шара жалғыз зейнет жасындағы апаларға көмек қана емес есепте тұрған азаматтарға түзелу жолына түсудегі игі қадам болмақ.