«Пробация туралы» ҚР Заңының талаптары түсіндірілді
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Жаханов Бақыт Дүйсенұлымен 2020 жылға бекітілген кешенді іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет полковнигі Ағанин Қараман Жәмиұлы, Қызылорда қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Н.Көшекбаев, әділет капитаны Р.Сыздықов ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен кездесу өткізді. Сотталған азаматтарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» ҚР Заңының талаптарын айтып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесудің мақсаты осы мекемеде пенитенциарлық пробация бойынша жаза мерзімін өтеуге дейін бір жыл қалған, белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан сотталғандарға әділет полковнигі Қараман Жәмиұлы пробациялық бақылаудың мақсаты, оларға берілетін әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері, түзеу мекемесінен шыққан соң пробация қызметіне тіркелуі, сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндірді. Шараға жаза мерзімінің аяқталуына 1 жыл қалған 20-дан астам сотталғандар қатысты.
Сонымен қоса сотталғандар тарапынан сұрақтар да қойылды. Сұрақтардың басым көпшілігі әлеуметтік-құқықтық көмек, мекен-жай бойынша және облыс аумағынан шығу төңірегінде сұрақтар болды. Сотталған азаматтар қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.