Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы: Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің бастығын таныстырды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің келісімімен, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Мәдиев Сағат Кентайұлы тағайындалды.

Бақтыбаев Жанарбек Телюбекұлы Маңғыстау облысының Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Сағат Мәдиев 1969 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап Ақмола, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының полиция департаменттеріндегі басшылық қызметтерден үлкен тәжірибесі бар.

2017 жылдың наурыз айынан ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру