Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: үздік тергеушілер мен анықтаушыларды анықтады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі еліміздің үздік тергеушілері мен анықтаушыларын анықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

2020 жылдың 30-31 қаңтарында алғаш рет Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Қазақстан Республикасы тергеу бөлімшесінің үздік қызметкері» республикалық слеті өтті.

Қызметкерлердің сотқа жөнелтілген қылмыстық істерінің саны, сотқа дейінгі іс жүргізудегі заңдылықтың қамтамасыз етілуі мен сапасы сараланды жəне қызметтік-əскери тəртібі ескерілді.

Қорытынды бойынша:

Алматы қаласы Полиция департаменті Медеу аудандық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Сексенбаев Сабыржан Турсынбаевич 2019 жылдың үздік тергеушісі болды.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Сарыарқа аудандық ПБ анықтау бөлімінің аға анықтаушысы полиция майоры Мухамбеткалиев Аскербек Сейлович 2019 жылдың үздік анықтаушы болды.

Қазақстанның əр өңірінен жиналған үздік 40 тергеушілер мен анықтаушылар Академияның бітіруші курсанттарымен өздерінің тəжірибелерімен бөлісті. Олар 4-курс курсанттарына өңірлік ерекшеліктерге қарай тергеу қызметінің қыр-сырын үйретіп, ақыл кеңестерін айтты.

Слет барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Адилов Санжар ішкі істер органдарында тергеушілер мен анықтаушылардың үлесіне жасалған қылмыстық істің 90% тергеу ауыртпалығы жүктелетіндігін жəне 2019 жылы 493 мың қылмыстық іс өндірісте болып, мұндай жүктеме еңбекті ұтымды ұйымдастыруды, əдісті жəне келісілген қызметті талап ететіндігін атап өтті.

Ішкі істер министрлігі тергеу қызметкерлерінің жұмысына тиісті жағдайлар жасау үшін, оның ішінде жалақыларын 55% арттырып, тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төлеу бойынша барын салып жатыр. Сонымен қатар, тергеу қызметін жетілдіру əлеуеті сақталады. БАҚ жəне бұқарамен жұмыс істеудің жаңа тəсілдерін меңгеру қажет, жергілікті бөліністерді жоғарытехнологиялық құралдармен қамтамасыз етіп, қолжетімді ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру қажет.

Кездесу барысында, тергеу бөліністері құқыққорғау қызметіндегі маңызды мəселелерді шешетіндігі, кінəсіздік призумциясын қамтамасыз ететіндігі, сонымен қатар жасалған қылмыс үшін жазадан бұлтартпау қағидатын сақтайтындығы аталып өтті. Сондықтан ведомстволық оқу орындары үшін тергеушілерді даярлау – жауапты миссия. Қазіргі таңда бес оқу орындарының ішінде бакалавриат жүйесі бойынша тергеушілерді даярлауды тек ІІМ Қарағанды академиясы ғана жүзеге асырады.

Қарағанды академиясының бастығы Дəрменов Ақынқали өз сөзінде, өз мамандығының үздігі болып танылған қызметкерлердің басым көпшілігі Академия түлектері екендігін айтып өтті. Академия құрылғаннан бастап осы жылға дейін жиырма екі мыңнан астам түлек Академияны бітіріп шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру